Тоқаев елде екінші АЭС салатын Қытайдың ядролық мүмкіндіктері туралы айтты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстанда екінші АЭС
Қытай Қазақстанда екінші АЭС салатыны жақында айтылды / Фото: kursiv.media архив

Екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда екінші АЭС салатын Қытайдың ядролық мүмкіндіктері туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласындағы екі ел ықпалдастығын өңірдің орнықты дамуына әсер ететін ең басты фактор ретінде атап, аймақтың дамуына оң әсер ететінін мәлімдеген. Қазақстанның энергетикалық қоры мол екенін, соны тиімді пайдалану қажет екенін тілге тиек еткен. Сондай-ақ Қытайдың ядролық энергетика саласындағы тәжіриесін ерекше ескерген.

«Әлемдегі уран қорының 20 пайызы, мұнайдың 17 пайыздан астамы, табиғи газдың 7 пайызы, сондай-ақ сирек кездесетін металдардың мол кені Орталық Азияда шоғырланған. Яғни бұл саладағы әлеуетіміз орасан зор. Біз озық технологиялар алмасуға және энергетика инфрақұрылымдарын жаңғыртуға ниеттіміз. Сондай-ақ аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, технологиялық тұрғыдан ілгерілеуге және қуат көздерін әртараптандыруға мән берген жөн. Қытай Халық Республикасының ядролық энергетиканы дамытудағы бай және табысты тәжірибесін ескере отырып, аталған стратегиялық салада орнықты ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз. Жуық арада келісімге қол қоюға дайындаламыз», – деді президент.

Бұл жиында Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың стратегиялық серіктес әрі нағыз дос елдерге айналғанын айтты.

Айта кетсек, екінші АЭС-ті Қытайда қай өңірде салатыны 2025 жылдың күзінде белгілі болады.

Сондай-ақ оқыңыз