Аша Матайдың әкесіне жасаған тосынсыйы елдің жүрегін елжіретті

Жарияланды 17 Маусым 2025 10:16

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Аша Матай 65 жасқа келген туған күнін өзіне айтпай жасап берген / фото: Instagram
Аша Матай әкесінің 65 жасқа келген туған күнін өзіне айтпай жасап берген / фото: Instagram

Аша Матай әкесіне қандай тосынсыйы жасағанын айтты. Ол әкесінің 65 жасқа келген туған күнін өзіне айтпай жасап берген.

«Әкеміздің 65 жасқа толған туған күніне арнап біз оған үлкен тосынсый жасауды шештік. Бұл ерекше күнді есте қаларлық ету үшін әкеміздің достарын, сыныптастарын, курстастарын, аға-жеңгелерін, іні-қарындастарын, туыстарын шақырдық. Ол бұл жайлы мүлде білмеді. Біз оны тек кішігірім отбасылық кешкі асқа шақырғандай болдық», – деп жазды Аша Матай.

Әнші әрі актриса әкесі залға кіріп келгенде, оны күтпеген жылы жүздер мен қол шапалақтап тұрған 170 адам қарсы алғанын айтты.

«Ол, шын мәнінде, таңданып, қуанып қалды. Бәріміздің бірігіп жасаған осы мерекелік кешіміз өте керемет өтті. Кеш бойы шынайы қуаныш, әдемі естеліктер, күлкі мен махаббат үстемдік етті. Бұл кеш – жанымыздан орын алған ең ыстық сәттердің бірі болды», – деп есіне алды Аша Матай.

Сонымен қатар әкесіне де жылы лебіз білдірді. Мерейтойымен шын жүректен құтттықтады.

«Сіз біз үшін әрдайым тірегіміз, ақылшымыз, мақтанышымызсыз. Сіздің өміріңіз бізге үлгі, сіздің мейіріміңіз – бізге қуат.Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілейміз! Біз Сізді шексіз жақсы көреміз!», – деп жазды әнші.

Әкесіне жасаған тосын сый қазақстандықтарды толқытып отыр.

Мұның алдында жұлдызды жұптардың құпиясы туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз