Жаңалықтар

Биньямин Нетаньяху Аятолла Хаменей өлсе ғана, қақтығыс тоқтайтынын айтты

Биньямин Нетаньяху Аятолла Хаменейді өлтіруді көздеп отырғанын жасырған жоқ /фото: KursivMedia мұрағаты
Биньямин Нетаньяху Аятолла Хаменейді өлтіруді көздеп отырғанын жасырған жоқ /фото: KursivMedia мұрағаты

Биньямин Нетаньяху Аятолла Хаменейді өлтірілсе ғана, қақтығыстың тоқтайтынын айтты. Ол Иран көшбасшысын Гитлерге теңеді.

Le Figaro ақпаратына қарағанда, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың пікірінше, Әли Хаменей — «заманауи Гитлер».

АҚШ телеарнасында аятолланы өлтіру жоспарын айтқан

«Ол ешқашан тоқтамайды. Бірақ біз оның қорқынышты жоспарларын жүзеге асыруына мүмкіндік бермейміз», — деді ол.

«Израиль мен Иран арасындағы қақтығысты тоқтатудың жолы – аятолла Әли Хаменейді өлтіру» деп мәлімдеді Израиль премьер-министрі дүйсенбі күні америкалық ABC телеарнасына берген сұхбатында.

Дональд Трамптың қарсылығын да елемеген

Израиль басшысынан Иранның рухани көсемін жою жоспарына Дональд Трамптың қарсы шығуына қатысты сұрақ қойылғанда, ол:

«Бұл қақтығысты ушықтырмайды, керісінше, қақтығысты тоқтатады», — деп жауап берді.

«Керек нәрсені істеп жатырмыз»

Израиль шынымен Хаменейге қарсы әрекет жасай ма деген сұраққа Биньямин Нетаньяху: «Біз өзіміз істеуіміз керек нәрсені істеп жатырмыз», — деді.

Дүйсенбі күні Израиль мен Иран төртінші күн қатарынан жалғасып жатқан әскери эскалация аясында бір-біріне жаңа әуе шабуылдарын жасады. Қақтығыс Израильдің Иранның стратегиялық нысандарына бағытталған шабуылынан кейін өршіген болатын.

Cондай-ақ, Трамп ирандықтарға Тегераннан тез арада кетуге кеңес берді.