Жаңалықтар

Қаржаубай Нұрымовтың адвокаттары өзара дауласты

Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Айтбек Амангелді командасының мәдениеттілігі мен сауаттылығына күмән келтірді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Айтбек Амангелді командасының мәдениеттілігі мен сауаттылығына күмән келтірді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты Мейірман Шекеев Шерзат ісі бойынша Айтбек Амангелді мен оның командасын қатты сынға алды.

Мейірман Шекеев Айтымның Қаржауға қатысты айтқан сөздері мен өздерін мадақтаған бейнежазбаны жариялады. Сонымен қатар, бұрынғы адвокаттардың мәдениеттілігі мен сауаттылығына күмән келтірді.

«Айтымның айтуынша, Қаржаубайдың өзі кінәлі» дейді. Тапсырыс берушімен орындаушының арасында келісімшарт бұзылып, сенімхат қайтарылып алғаннан кейін, кейбір заңгерлермен адвокаттардың клиентінің артынан сөйлегені қаншалықты мәдениеттілікке және ақылға қонымдылыққа, сауаттылыққа жатады?», – деп сауал тастады Мейірман Шекеев.

Мейірман Шекеев шындықты білу үшін парақшасына тіркелуге шақырып отыр.

«Айтым командасына да, менің командама да бағасын халық береді», – деп мәлімдеді Мейірман Шекеев.

Оның қызметі халықтың көңілінен шыққаны байқалады. Ризашылық білдіріп, ісіне береке тілеп жатқандардың қарасы көп.

«Мейірман аға алғыс айтудан шаршамаймын. Сот ісі бітсе де, Қаржаубайдың отбасына үлкен ағалық қамқорлық танытып, сол отбасына жар болып жүр», – деп жазды қолданушылардың бірі.

Мұның алдында Айтбек Амангелді Қаржаубай Нұрымовтың адвокаттық қызметтен бас тартатыны туралы мессенджер арқылы айтқанын жеткізген еді. «Қаржаубайдың мінезін білетіндіктен, басында оның жазғандарына реакция білдірмедік» деген еді ол.