Қазақстан Қытайға 1,5 мың киік сыйламақ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан Қытайға сыйлаған киіктер көрші елдің батысына жіберіледі / фото: KursivMedia мұрағаты
Қазақстан Қытайға сыйлаған киіктер көрші елдің батысына жіберіледі / фото: KursivMedia мұрағаты

Қазақстан Қытайға 1,5 мың киік сыйламақ. Шығыс көршімізде оның популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстандағы киіктер Қытайдың батыс өңіріне көшірілмек. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1,5 мың киік сыйлау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Мақсат – бұл жануарлардың популяциясын қайта қалпына келтіру. Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан Президентіне осындай шешімі үшін алғыс білдірді.

Қазіргі таңда киіктердің әлемдік популяциясының 98%-дан астамы Қазақстан аумағында шоғырланған. Соңғы жылдары фермерлер киіктердің егістік алқаптарын таптап, зиян келтіріп жатқанын айтып, шағымданып жатыр.

Бүгінде киіктердің саны 4 миллионнан асқан. Әсіресе Батыс, Солтүстік және Орталық Қазақстандағы ауыл шаруашылығына айтарлықтай шығын келтірген.

Бұған дейін киік санын реттеу үшін түрлі ұсыныстар айтылған. Алайда халықаралық CITES ұйымы аңшылыққа тыйым салды.

Қазір нақты ұсыныстардың бірі – киікті өндірістік мақсатта аулау.

Мұның алдында 20 мыңнан астам киіктің неден жаппай қырылғаны анықталған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз