
Қыдырәлі мен Қарақат маралдың мүйізінен дайындалған сорпаға түсіп, Қатонқарағайдың табиғатына тәнті болды.
Жұлдызды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина Өскеменге мектептің салтанатты ашу шарасына келіп, Қатонқарағайға соға кеткен.
Қарақат Әбілдинаның айтуынша, бұл мекен – ем іздегенге шипа, шаршағанға сая.
«Көкшетау – адамның қасы болса, Қатон – шашы» деп жергілікті халық әзілмен астарлап, әдемі теңеу айтады екен. Шынымен де сұлулықтың шыңы, табиғаттың айнасы десе болады», – деп жазды ол.
Демалыс кезінде қос танымал әнші Қыдырәлі мен Қарақат маралдың мүйізінен дайындалған сорпаға түскен. Бұл буындарға шипа болатын көрінеді.
«Телефонды сөндіріп, табиғатпен үнсіз тілдесудің өзі нағыз медитация емес пе?! Саф ауа, самал жел, жайқалған орман, таудың тынысы бәрі жанды тыныштандырып, бойға қуат береді», – деп тамсанды Қарақат Әбілдина.
Қыдырәлі мен Қарақат бұл жерден ғажайып әсер алғаны сонша, тыңдармандарын да Қатонқарағайға демалуға шақырып отыр.
Мұның алдында жұлдызды жұптардың құпиясы туралы жазған едік.