Freedom Broker Араб Әмірліктері мен Түркияда ашылмақшы

Freedom Broker болашақта Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркияда ашылуды көздеп отыр. Бұл туралы FREEDOM HOLDING-тің жылдық есебін жариялау кезінде компания басшысы Тимур Турлов хабарлады.
«Қазір Қырғызстан мен Өзбекстанда брокерлік қызмет көрсетуге лицензиямыз бар. Тәжікстанда банктік және брокерлік қызмет көрсетуге лицензия алдық. Қазір ол елде біздің елімізде сынақтан өткен технологияны пайдалана отырып, толыққанды цифрлық банк ашылуға дайындалып жатырмыз. Араб Әмірліктері мен Түркияда қызмет істеуге рұқсат алдық деуге болады. Сол жақта лицензияны іске қосу үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз», – деді ол есеп кезінде.
Турловтың сөзінше, келесі жылы бизнесін АҚШ-та жүргізу үшін дайындық жүргізіліп жатыр. Бірақ Қазақстан әрдайым бәсекеге лайықты өнімдер дайындайтын, таланттардың көзін ашатын орын болып қала бермек деп атап өтті ол.
2025 жылдағы қаржылай есеп бойынша, Тимур Турлов басқаратын Freedom Holding-тің түсімі 2 млрд доллардан асты. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 384,2 млн долларға (23%) өскен.