Lifestyle

Илон Маск нашаға тест тапсырып, қорытындысы шықты

Илон Маск есірткіге әуес еместігін жазды / фото: REUTERS/Kevin Lamarque
Илон Маск есірткіге әуес пе / фото: REUTERS/Kevin Lamarque

Америкалық кәсіпкер әрі миллиардер Илон Маск есірткіге тест тапсырды. Оның нәтижесін Х әлеуметтік желісінде жариялады.

Тест нәтижесі Масктың ағзасында тыйым салынған заттардың жоқ екенін көрсетті. Миллиардер бұл жарияланымын қысқа ғана lol (ағылшынша laughing out loud — «дауыс шығарып күлу») деген жазумен сүйемелдеген.

Бұған дейін The New York Times басылымы жағдайға дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Маск соңғы бірнеше жыл бойы кетамин, экстази және псилоцибинді саңырауқұлақтар сияқты психоактивті заттарды қолданғанын хабарлаған.

«Мен рецептімен берілген кетаминді бірнеше жыл бұрын қолданғанмын. Бұл туралы X желісінде жаздым. Сол себепті оның жаңалығы да жоқ. Ол терең күйзелістен шығуға көмектеседі, бірақ мен оны содан бері қайта пайдаланбадым», – деп түсіндірген еді ол.