Қытай Орталық Азия елдеріне 1,5 млрд юань көлемінде грант береді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: ашық дереккөзден

Қытай Орталық Азия елдеріне 1,5 миллиард юань көлемінде грант береді. Қаражат халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды жобаларды қолдауға бөлінеді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин «Орталық Азия – Қытай» саммитінде мәлімдеді.

«Биыл біз Орталық Азия елдеріне халықтың әл-ауқатын арттыру мен олардың дербес дамуына жәрдемдесуге бағытталған маңызды жобаларды қолдау үшін 1,5 миллиард юань көлемінде өтеусіз грант беруге дайынбыз», — деді Си Цзиньпин.

Сондай-ақ, Қытай алдағы екі жыл ішінде Орталық Азия елдеріне кәсіби даярлық курстарына 3 мың квота бөлуді жоспарлап отыр.

Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы 95 миллиард доллардан асқан. Ал Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналым көлемі 44 млрд долларды құраған.

Сондай-ақ оқыңыз