Ресейлік «Домодедово» әуежайы мемлекет пайдасына тәркіленді

Ресейдегі ірі әуежайлардың бірі — Мәскеуде орналасқан «Домодедово» әуежайы мемлекет кірісіне тәркіленді. Бұл туралы сот процесінің қатысушысына сілтеме жасаған «Интерфакс» агенттігі жазады. хабарлады.
Сот Бас прокуратураның талап арызын қанағаттандырды. Іс жабық режимде қаралған.
Бас Прокуратура 2025 жылы қаңтарда «Домодедово» тобына кіретін 30 компанияға және оның иелеріне қарсы талап арыз түсірген. Арызда көрсетілгендей, әуежайдың құрылтайшылары, Дмитрий Каменщик пен Валерий Коган, басқа мемлекеттердің резиденттері бола отырып, ел үшін стратегиялық маңызы бар активтерді заңсыз басқарған, сондай-ақ пайданы шетелге шығарып отырған.
Сот сонымен қатар Росавиация мен «Аэропорты Севера» ұйымы өкілдеріне «Домодедово» әуежайының операциялық компанияларын қарап, қаржылық және техникалық құжаттамасымен жүмыс істеуге рұқсат беруді міндеттеді. Бұған қоса, компаниялар тобының басқару органдарына қосымша акция шығару, дивидендтер мен директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу, қаражат пен мүлікті шығаруға бағытталған әрекеттер жасауға тыйым салынды.