Си Цзиньпин «Тағдыры ортақ көршілес елдер қоғамдастығын» құруды ұсынды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: Ақордадан

Астанада өткен саммитте Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Тағдыры ортақ көршілес елдер қоғамдастығын» құруды ұсынды. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев оның бастамасына жоғары баға берді деп жазады Ақорда.

 Тоқаевтың пікірінше, бұл теңқұқылы серіктестік, ортақ игілік пен өзара құрмет қағидаларына толық сай келеді. Мемлекет басшысы аталған ұстанымдар бүгінгі Саммит қорытындысы бойынша қол қойылатын «Мәңгі тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шартта» көрініс табатынына сенім білдірді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Орталық Азияның бейбітшілік, орнықты қауіпсіздік пен өнімді ықпалдастық мекені болғанын қалайды. Еліміз діни экстремизммен, терроризммен, сепаратизммен, есірткі тасымалдаумен, заңсыз қару-жарақ саудасымен, рұқсатсыз көші-қонмен және адам саудасымен ымырасыз күресті жалғастыруға әзір.

Еске салайық, Си Цзиньпин 16-17 маусымда Қазақстанда ресми сапармен болды. ҚХР төрағасы Орталық Азия елдеріне 1,5 млрд юань көлемінде грант беретінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз