Trump Mobile байланыс операторына 47,45 доллар төлеп қосылуға болады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Getty Images
Фото: tribune.com

АҚШ президенті Дональд Трампқа тиесілі Trump Organization компаниясы Trump Mobile атты жаңа мобильді байланыс қызметін іске қоспақ. Сондай-ақ T1 Phone смартфонын Бұл жайлы компания басшысы, президенттің ұлы Эрик Трамп айтты.

Trump Mobile қызметі MVNO (виртуалды оператор) моделінде жұмыс істейді және АҚШ-тың үш ірі байланыс операторы, AT&T, Verizon және T-Mobile желілері, арқылы қызмет көрсетеді.

Пайдаланушылар Trump Mobile-ды арнайы T1 Phone арқылы немесе өзге смартфондармен де пайдалана алады.

Басты тарифтік жоспар – «47 Plan» деп аталады, ай сайынғы төлемі – 47,45 доллар. Бұл атау Дональд Трамптың АҚШ-тың 45-ші және 47-ші президенті болуына сілтеме жасайды.

Еске салайық, мамырда Дональд Трамп Apple компаниясына ескерту жасады. Егер iPhone смартфондары АҚШ-тан тыс жерде өндірілсе, онда 25%-дан кем емес кедендік тариф енгіземін деп мәлімдеген. Қазір Apple мен басқа ірі смартфон өндірушілерінің ешқайсысы АҚШ-та құрылғы шығармайды.

Сондай-ақ оқыңыз