WhatsApp мессенджерінде жарнама пайда болады

Жарияланды 17 Маусым 2025 15:50

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Business News бөлімінің тілшісі a.abitay@kursiv.media
Whatsapp жарнама
Фото: ашық дереккөзден

Америкалық Meta компаниясы алдағы бірнеше айда WhatsApp мессенджеріне бүкіл әлем бойынша жарнама енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жайлы компания мәлімдемесіне сілтеме жасаған Financial Times жазады.

«Бизнестен мұндай сұраныс бұрыннан бар. Компаниялар үшін адамдардың жеке кеңістігін сақтау өте маңызды», – дейді WhatsApp-тың бизнес-хат алмасу жөніндегі вице-президенті Никила Сринивасан.

WhatsApp мессенджерінде ақылы арналар пайда болады. Оны жарнамалап, қолданушылар арасында танымал ету үшін ақы төлейді.

Жарнама чаттардан бөлек «Статус» бөлімінде көрсетіледі.

Қазір WhatsApp-ты ай сайын белсенді пайдаланатын қолданушылар саны 3 миллиардтан асады, оның ішінде 200 миллионнан астамы – бизнес өкілдері.

Еске салайық, осыған дейін WhatsApp-та жаңа функция енгізілген. Енді дауыс хабарламаларын іріктеп таңдап, мәтінге айналдыруға болады.

Сондай-ақ оқыңыз