
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиев Австрияда IRONMAN триатлон жарысында түскен суреттерін жариялады. Ол жүлдесімен мақтанды.
Триатлон спортынан IRONMAN жарысы Австрияда жексенбі күні өткен. Бұл жарыс бірнеше ай бойы әлемнің әр елінде ұйымдастырылады. Оған 40 жастағы Нұрәли Әлиев те қатысты. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы.
Миллионер жарыс қалай өткенін Instagram-дағы парағына жазды.
«Қолымнан келетінін дәлелдедім. Мүмкін емес ештеңе жоқ», – деді Әлиев.
Оның медаль таққан суретіне қарағанда, Нұрәлидің дайындығы жақсы, жарыс жолын аяғына дейін жүріп өткен. Триатлон спорты үш кезеңнен тұрады. Әуелі атлеттер 3,86 шақырым жүзеді, одан соң 180,25 шақырымды велосипедпен еңсереді. Содан кейін 42 шақырымдық марафон жүгіреді.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында ең жас миллионер атанған Нұрәли Әлиев 13 жыл бойы ең бай адамдар тізімінен түспей келеді. Ол Forbes рейтингіне алғаш рет 2012 жылы енді. Сол кезде Нұрәли бар болғаны 27 жаста еді. 13 жыл бұрын оның байлығы 200 млн доллар деп бағаланған. 2025 жылғы мамырда жарияланған рейтингте 40 жастағы топ-менеджердің дәулеті 289 млн долларға бағаланды.
Бұған дейін Kursiv.Media Нұрәли Әлиевтің миллиондары мен миллиардер «достары» туралы материал жариялаған.