Иранның Фордо ядролық нысаны Израиль үшін алынбас қамалға айналды

Иранның ядролық қару отын дайындауға арналған Фордо ядролық нысаны тау арасында, жер астында орналасқан. Ғарыштан түсірілген суреттер соған дәлел. Оны Израиль қаруларымен жою мүмкін емес деп топшылайды CNN.
Аса құпия, сыртқ көзден таса жерде орналасқан кешен туралы әлемдік қауымдастық 2009 жылы ғана білді. Фордо Иранның қасиетті Құм қаласына жақын маңда, Тегераннан оңтүстікке қарай шамамен 150 шақырым жерде орналасқан.
Бірнеше жыл бұрын Израиль барлау қызметі осы зауыт туралы құжаттарды ұрлаған. Кешеннің басты нысандары 80-90 метр тереңдікте жатқаны сол кезде ғана мәлім болды. Сол себепті Израиль бізге белгі қаруларымен оны әуеден жоя алмайды деп жазды CNN.
Телеарна сарапшылары дәл осы Фордода Иран ядролық қаруға қажетті байытылған уран өндіріп шыға алады.
Кейінгі бірнеше күнде Израиль осы нысанды бірнеше мәрте атқылады. Алайда, МАГАТЭ мәліметінше, ядролық зауытқа ешқандай нұқсан келмеген.
Құпия нысан 2000-жылдары салына бастаса керек. Себебі ол жерде құрылыс пайда болғанын ғарыштан түсірілген 2004 жылғы суреттерден байқауға болады. Дегенмен МАГАТЭ кешеннің 2002 жылы салына бастағанына қосымша дәлел бар дейді.
Фордо ядролық нысанын жоюға бола ма?
АҚШ — Иранның Фордо ядролық нысанын жоятын қуаты бар бомбаға ие жалғыз ел. Дүйсенбі күні Израильдің Вашингтондағы елшісі Йехиэль Лейтер осылай деп мәлімдеген.
Оның өзінде америкалық GBU-57 бомбасы шамамен 60 метр тереңдіктегі нысанды ғана жоя алады. Мұндай бомбаны ол жерге АҚШ әскери әуе күштерінде бар B-2 көзге көрінбейтін жойғыш ұшақ қана жеткізе алады. Құрама Штаттар бомба берген күннің өзінде, Израильде мұндай ұшақ жоқ. Ұлыбритания қорғаныс институтының есебінде осылай делінген.
Телеарнаның басқа да әскери сарапшылары осы есеппен келіседі. Олар да бір бомба мәселені шешпейтінін айтып отыр.
«Фордоны жою үшін оны бірнеше қайталап атқылау керек», — CNN-нің әскери сарапшысы Седрик Лейтон.
Иран мен Израиль арасындағы әскери қақтығыс
Естеріңізге сала кетейік, 13 маусымда таңертең Израиль Иранның ядролық және әскери нысандарына соққы жасады. Тегеран Израиль мен АҚШ-тан кек алуға уәде берді.
Израиль сыртқы барлау қызметі Иранға қарсы шабуылды бірнеше жыл бойы ұйымдастырғаны мәлім болды. «Моссад» Тегеран маңына жасырын дрондар базасын құрған.
Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеи Израиль соққылары кезінде бункерге тығылғаны туралы мәлімет тарады.
Ал 13 маусымнан бастап Израильдің Астанадағы елшілігі қызмет көрсетуді уақытша тоқтатты. Астана мен Алматы қалаларында синагога ғимараттарына күзет қойылды.
Қазақстанның Израильдегі елшілігі Таяу Шығыста жүрген ел азаматтарына кеңес берді. Ал Air Astana мен FlyArystan ұшақтары Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып өтеді.