Баку Израильден Иранның әзербайжан көп тұратын мекендерін атқыламауды сұрады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Иран мен Әзербайжан президенттері 2025 жылғы сәуірдің аяғында кездескен / фото: president.az
Иран мен Әзербайжан президенттері 2025 жылғы сәуірдің аяғында Баку қаласында кездескен / фото: president.az

Баку Израиль билігінен Иранның этникалық әзербайжандар көп шоғырланған елдімекендеріне шабуылдамауды сұрады. Бұл туралы әскери сарапшы Ақыл Рустамзаде Facebook-тегі парағына жазды.

Баку өтініші

«Әзербайжан түрлі жолдармен Израиль басшылығына Иранның әзербайжандар көп тұратын елдімекендерін атқыламауды, сонымен бірге бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға шабуылдамауды сұрады», – деді Рустамзаде.

Түрлі деректерге қарағанда Иранда шамамен 30 млн этникалық әзербайжан тұрады. Олардың дені Иранның шығыс өңірлерге қоныстанған. Батыс Әзербайжан, Шығыс Әзербайжан, Арбедиль және Зенджан провинцияларындағы халықтың дені – этникалық әзербайжан. Иранда шамамен 90 млн адам тұрады.

14 маусымда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркия президенті Реджеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен. Олар Иран мен Израиль арасындағы қақтығысты талқылап, жанжалды келіссөздер көмегімен шешу керектігін айтқан.

Иран мен Израиль арасындағы әскери қақтығыс

Естеріңізге сала кетейік, 13 маусымда таңертең Израиль Иранның ядролық және әскери нысандарына соққы жасады. Тегеран Израиль мен АҚШ-тан кек алуға уәде берді.

Израиль сыртқы барлау қызметі Иранға қарсы шабуылды бірнеше жыл бойы ұйымдастырғаны мәлім болды. «Моссад» Тегеран маңына жасырын дрондар базасын құрған.

Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеи Израиль соққылары кезінде бункерге тығылғаны туралы мәлімет тарады.

Иранның Фордо ядролық нысаны Израиль үшін алынбас қамалға айналды.

Ал 13 маусымнан бастап Израильдің Астанадағы елшілігі қызмет көрсетуді уақытша тоқтатты. Астана мен Алматы қалаларында синагога ғимараттарына күзет қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз