Назарбаев әуежайын жөндеуге 2,8 млрд теңге бөлінеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Астана қаласындағы Назарбаев әуежайын жөндеуге 2,8 млрд теңге бөлінді / фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский
Нұрұлтан Назарбаев әуежайын жөндеуге 2,8 млрд теңге бөлінді / фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының ұшу-қону алаңын жөндеуге 2,77 млрд теңге жұмсалады. Мемлекеттік сатып алу сайтына Астана қаласының басқармасы осындай лот жариялады.

Құжатта айтылғандай, байқауға қатысқысы келетін компаниялар лот құнының 1%-ын өтізуі тиіс. Қызмет түрі ретінде әуежайдың ұшу-қоны алаңын жөндеу деп көрсетілген.

Халықаралық әуежайдың 100% акциясына Terminals Astana Airport Management компаниясы ие. Ол БАӘ-дегі Terminals Holding құрамына кіреді. Компания тағы бір ашу-қону алаңы мен жаңа жолаушы терминалын салуды жоспарлап тұр. Бұл туралы жыл басында астана әуежайы хабарлаған.

2024 жылы халықаралық әуежай 8,3 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11%-ға артық.

Terminals Astana Airport Limited халықаралық әуежайды дамытуға 1,1 млрд доллар құюды жоспарлаған. Қазақстан көлік министрлігімен жасалған инвестициялық келісім биыл мамырда қабылданған.

Сондай-ақ оқыңыз