
Экс-министр Қуанышбек Бишімбаевтың туысы әзірге шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов мәлімдеді.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген Саденов мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығу мәселесін сот шешетінін айтты. Егер Бақытжан Байжанов өтініш берсе, ол заңға сәйкес қаралады. Әзірге ондай өтініштер түспеген.
«Бишімбаевтың туысына қатысты нақты жағдайға келсек, әзірге ешқандай материал түскен жоқ. Егер ол босату туралы өтініш бергісі келсе, әрине, сот қарайтын болады», – деді ол.
Министр сондай-ақ атышулы істер бойынша сотталғандардың барлығы қалыпты жағдайы бар колонияларда ұсталып отырғанын атап өтті.
Бұған дейін, Конституцияның 30 жылдығына орай жасалғалы отырған рақымшылыққа Бишімбаев ілінбейтінін жазғанбыз.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға, оның туысы Бақытжан Байжанов қылмыс туралы хабарламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған.