«Азаматтарға арналған үкімет» дербес деректердің таралуыла қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
"Азаматтарға арналған үкімет" дербес деректердің таралуыла қатысты мәлімдеме жасады
«Азаматтарға арналған үкімет» дербес деректердің таралуыла қатысты мәлімдеме жасады/Коллаж: KursivMedia

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы қазақстандықтардың дербес деректерінің таралып кетуіне байланысты мәлімдеме жасады.

Корпорация ХҚКО жүйесінде азаматтардың дербес деректерін қамтитын дербес дерекқор жоқ екенін атап өтіп, электрондық үкімет порталының қызметіне жауапты емес екенін хабарлады.

«Осыған орай, келесі маңызды жайттарды атап өтейік. ХҚКО ИАЖ-да азаматтардың жеке деректерін сақтайтын арнайы мәліметтер базасы жоқ. ХҚКО қызметкерлері бұл жүйелердегі жеке деректерге тікелей қол жеткізе алмайды. Сервистерге қосылу тек қызмет алушының келісімімен, биометрия немесе қолжетімділікті басқару жүйесі арқылы расталғаннан кейін ғана жүзеге асады», – делінген корпорация хабарламасында.

Корпорация ссылайша ХҚКО азамат мемлекеттік қызметке өтініш бере алатын интерфейс қана екенін атап өтіп, барлық мәліметтер тиісті реестрлерге ие уәкілетті мемлекеттік органдарға тікелей жолданатынын жеткізген.

16 маусым күні желіде 16,3 млн қазақстандықтың жеке деректері таралып кеткені туралы ақпарат тараған. Ұрланған жазбалар арасында қазақстандықтардың аты-жөні, ЖСН, телефон номері сияқты деректері бар. Бұл деректерді алаяқтар қылмыстық мақсатта пайдалана алады.

Алайда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қазақстандықтардың деректері ұрланбағанын, таралған деректер, осыған дейін қолды болған ақпарат екенін, оны біреу жинап, қайта таратқанын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз