
Қаржы министрлігі 854 блогер салық есебінде 72 млрд теңгені кем көрсетті деп ескерту жіберген. Осы ескертуді алған 394 блогер 11,8 млрд теңге салығын төлеп тастаған. Енді қалған 438 блогерге тексеру жүргізілмек. Бұл туралы кулуарда Қаржы министрі Мәди Такиев айтты.
«Бұл блогерлер ескету жіберілгеніне қарамастан, салықты төлемей жүр. Сондықтан тексеріс жүргіземіз. Олар 2026 жылдың 31 наурызына дейін салығын төлеп тастауы тиіс», – деді министр.
Сонымен қатар министр Сәкен Майғазиев онлайн тойынан түскен табысынан заңға сәйкес салық төлеуі керек екенін айтты.
Ақпанның аяғында санаулы блогер ғана табыс төлегені мәлім болды. Бұған дейін ескерту алған жүздеген блогер 256 млрд теңге салық төлегенін хабарланған.