Жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 74,8 млрд теңге аударады

«Самрук-Казына» предложил распустить депутат из-за убыточного актива
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына қорына» 74,8 млрд теңге аударады. Акционердің шешімі Қазақстан қор биржасында жарияланған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жалғыз акционері 2024 жылға арналған таза табысты бөлу тәртібін бекіткен.

Қордың таза табысы 2,35 трлн теңгені құраған. Осы соманың бір бөлігі нақты әлеуметтік және аймақтық мақсаттарға бағытталатын болды. Атап айтқанда, 74,8 млрд теңгесі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына бөлінеді. Бұл сома әлеуметтік жобаларды, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да маңызды салалардағы бастамаларды қолдауға жұмсалады.

Сонымен қатар, 46,6 млрд теңгесі жергілікті атқарушы органдарды, яғни әкімдіктерді қаржыландыруға бағытталады.

Ал таза пайданың қалған бөлігі қордың өзінде қалады. Бұл ақшамен қор қарызын жауып, инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асырады.

Қордың жалғыз акционері – ҚР Үкіметі.

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов аудит жүргізілгеннен кейін, «Самұрық-Қазына» қорын қайта жаңалауды талап еткен болатын.