
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысын тағайындады. Бұл орынға Қайрат Әнуарбекұлы Садықов тағайындалған. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетсек, бұған дейін экс-министр Руслан Жақсылықовтың орнына Қорғаныс министрі болып Дәурен Қосанов тағайындалған болатын.