Земфира Қазақстандағы концерті болмайтынын айтты

Әнші Земфираның концерті болмайды. Ән кеші Алматының «Хан-Тәңірі» стадионында 6 шілде күнге жоспарланған.
Концерт неге өтпейді?
Концерттің болмайтынын Земфира өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.
«Менің сіздерге жағымсыз жаңалығым бар. Алматыдағы концерт өтпейтін болды. Әуелден бәрі сәтсіз басталған еді. Ұзақ келісімдер, концерт өтетін алаңның ауысуы, нәтижесінде концерт өткізуден ресми түрде бас тартты. «Хан-Тәңірі» стадионын қадағалайтын ректор ойдан шығарылған себеппен 2 апта қалғанда концертке тыйым салып отыр. Бұл өкіндіретін жағдай. Қазақстан, мен барынша сіздермен әдемі қоштасқым келіп еді. Қазақ тыңдармандары керемет! Мен сіздерге өткен концерттерді бірге өткізгендеріңіз үшін, жақсы естеліктер үшін алғысымды білдірем», – деп жазған әнші.
Әнші туралы
Айта кетейік, ресейлік әнші Земфира Рамазанова 2022 жылдың ақпанында Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын ашық айыптағаны үшін шетелдік агент тізіміне енген болатын. Соғысқа қарсы шыққан әнші 2022 жылы Францияға қоныс аударған.
Дәл осылайша ресейлік әртіс Максим Галкин де соғысты айыптап, елден кеткендердің бірі. Бірі қызығы, оның да Қазақстанда өтуі керек концерті, дәл осындай себептермен болмай қалған еді.
Әртістің өзі концертке дайындық барысында «мемлекеттік деңгейде Астана мен Алматыда концертін өткізуге кедергі» жасалып жатқанын айтты.
Бірақ СІМ Галкин концертінің Қазақстанда өтпей қалуында ешқандай саяси астар жоқ екенін жеткізді.