Кәрім Мәсімовтің жағдайы жаман емес, жазасын өтеп жатыр – IIM

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Кәрім Мәсімов жазасын қалыпты жағдайда өтеп жатыр / фото: KursivMedia мұрағаты
Кәрім Мәсімов жазасын қалыпты жағдайда өтеп жатыр / фото: KursivMedia мұрағаты

Кәрім Мәсімовтің түрмеде қалай жазасын өтеп жатқаны жайында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтып берді. Денсаулығында кінәрат жоқ.

Министрдің айтуынша, сотталған азаматтың жағдайы қалыпты.

«Ол жазасын қалыпты жағдайда өтеп жатыр. Оның өкілдері көтерген барлық уәждер тексерілуде. Қазіргі таңда ресми түрде айтамын: оның жағдайы – қалыпты», — деді Ержан Сәденов.

Еске салайық, 2023 жылдың сәуірінде Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алуға әрекеттену және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша кінәлі деп танылған.

2024 жылдың маусымында Мәсімов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа рақымшылық сұрап өтініш білдірген. Алайда оның өтініші қанағаттандырылмады.

Сондай-ақ Мәсімовтің сатылмай жатқан сарайын Астана әкімдігі де алмайтын болды.

Сондай-ақ оқыңыз