
«Самұрық-Қазына» мен оның еншілес ұйымдарының негізгі басқарушылары бір жылда 7,7 млрд теңге табыс тапқан.
Бұл қаражат 2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл бойынша қордың жиынтық кірісі туралы есептегі жалпы және әкімшілік шығындарға енгізілген.
Онда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері – яғни негізгі басқарушы персонал – бір жыл ішінде жалпы 7, 6 млн-нан аса теңге көлемінде сыйақы алғаны» көрсетілген.
Ал 2023 жылғы дәл осындай кезеңде бұл көрсеткіш 7,6 млрд-тан аса теңге болған.
Бұл туралы KASE сайтында жарияланған «Самұрық-Қазынаның» қаржылық есептілігі бойынша тәуелсіз аудитордың есебінде айтылған.
Ақпаратқа сәйкес, бұл сыйақылар негізінен еңбек келісімшарттарымен бекітілген айлық жалақыдан және операциялық нәтижелерге байланысты қосымша төлемдерден тұрады.
Сондай-ақ, жалақыға қатысты жалпы шығындар, оның ішінде әлеуметтік салық пен міндетті аударымдар, 2024 жылы 301,9 млрд теңге болған. Ал 2023 жылы 271,3 млрд теңге болған еді.
Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры «Бәйтерек» холдингіне 50 млрд теңге қарыз бермек.