
Өрт болған «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағын тікелей эфирден тамашалауға болады. Бұл жайлы Атырау облысы әкімдігінен хабарлады.
Жаңа қызметтің мақсаты – мониторингті күшейтіп, өрт болған жағдайда шұғыл әрекет ету.
«Енді әрбір тұрғын резерваттың аумағын бақылап, түтін байқаса, бірден шұғыл қызметке хабарласа алады», – деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Ақжайық» резерватын тікелей эфирден көру үшін мына жерге өтіңіз.
Билік өкілдерінің мәліметінше, резеват аумағында үш стационарлы мұнара орнатылған. Тепловизор және камералармен жабдықталған, жағдайды тәулік бойы бақылайды. Бұл бюджет есебінен жүзеге асырылған.
Еске салайық, осы айдың басында Атырау маңында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан өрт шыққан еді. Жалпы аумағы 280 га болатын қамыс алқабы жанды. 200 гектары өздігінен сөнсе, қалған аумақты өрт сөндірушілердің көмегімен өшірді.