
Қазақстанда тегін заңгерлік көмек беретін мобильді қосымша әзірленіп жатыр. Бұл жайлы әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков мәлімдеді.
Қосымшада барлық заңгерлік сервис жинақталады. Мәселен, азаматтар бұл қосымша арқылы елден шығуға тыйым салынған-салынбағанын тексере алады, адвокат немесе заң кеңесшісін таңдап, сенімхат рәсімдей алады. Мобильді сервис арқылы тегін заңгерлік кеңес алу мүмкіндігі де қарастырылған.
«Сіздер видео немесе аудио қоңырау арқылы тегін адвокат, заңгерлерден консультация ала аласыз. Ол жерде ЖИ енгізілген чат-бот болады. Егер сұрағыңыз сіз үшін ауыр және оны өзге адамға қоя алмасаңыз, оны ЖИ-ға жаза аласыз. Ол заң бойынша жауап береді», – деді Молдабеков брифинг кезінде.
Чат-бот ChatGPT базасында жұмыс істейді, бірақ тек Қазақстан заңнамасына ғана бейімделген.
Қосымша осы жылдың шілдесіне іске қосылады деп жоспарланған.
Жақында Алматы облысы әкімдігі қазақ тілін үйренуге арналған «TilOquBot» Telegram-ботын іске қосқан еді. Қазір ол жаққа үш мыңнан аса қазақстандық тіркеліп үлгерген.