Атырау облысында 600 млн теңгеге салынған жаңа балабақша сүріледі

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Атырау өңірінде қыруар ақшаға тұрғызылған жаңа балабақша ғимараты сүріледі / фото: "Ақ Жайық"
Атырау өңірінде қыруар ақшаға тұрғызылған жаңа балабақша ғимараты сүріледі / фото: «Ақ Жайық»

Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Шоқпартоғай ауылында бой көтерген жаңа балабақша ғимараты сүрілетін болды. Оның құрылысына 605 млн теңге жұмсалған. Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» жазды.

«Балдәурен» балабақшасы «Игілік» бағдарламасы аясында салынған. Қаражатты «Теңізшевройл» компаниясы бөлген.

Ғимарат 2016 жылы пайдалануға берілгеннен кейін оның қабырғалары бірден сөгіле бастаған. Бірнеше мәрте жөнделгеніне қарамастан, ғимараттың іргетасы отыра берген. 2022 жылы оны апатты ғимарат деп таныды. «Балдәурен» үш жылдан бері қаңырап бос тұр.

Балабақша ғимаратының сапасы неге нашар екені айтылмады. Оған кімдер кінәлі екені туралы да ешкім ештеңе демеді. Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың айтуынша, ғимарат аудандық білім бөлімі есебінде тұр. Техникалық сараптамадан соң оны сүру туралы шешім қабыланды.

«Балдәурен» жабылған соң, ондағы 20 бала Құлсарыдағы мекемеге ауыстырылған.

«Мектепте 82 балаға арналған шағын топ ашылды. Балалардың бірқатары үйде қалды. Бірақ балабақша керек екені анық», – дейді аудандық білім басқармасының басшысы Гүлжансара Таңатарова.

Қазір осы ауылда «Теңізшевройл» қолдауымен жаңа балабақша салынып жатыр. Ол 280 орынға арналған. Нысан 2026 жылы пайдалануға берілуі тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз