
TikTok әлеуметтік желісінде кино туралы қазақстандық жоба жүзеге асып жатыр. #нетамашалаймыз хештегі қазірдің өзінде желіні жаулап алды. Бұл – Clover Street Production компаниясының ауқымды жобасы.
TikTok арнайы Қазақстан үшін «Не тамашалаймыз» деп аталатын жоба дайындады. Мақсат – Қазақстан және шетел фильмдерін насихаттау.
Платформада қазірдің өзінде #нетамашалаймыз хештегімен 3 мыңнан аса видео бар. Жобаны Clover Street жүзеге асырып жатыр. Енді трендке шыққан фильмдер туралы роликтер оңай табылады.
Жоба аясында кино туралы ең үздік видеоға байқау жарияланды. 16 маусымнан бастап ай аяғына дейін жергілікті блогерлер осы байқауға қатыса алады. Ол үшін фильмге сараптама дайындап, роликті #нетамашалаймыз хештегімен жариялау қажет.
Авторлар 5093 теңгеге дейін жеңілдік купонын алады. Ал үш видео жариялап, оны 5 мыңнан аса адам көрсе, онда киноға 20 билет ұтып алуға болады.
Clover Street блогерлерге көмектесу үшін түрлі кеңестер айтылған оқыту роликтерін де дайындаған.
Оларды Қазақстан ғана емес, ТМД елдерінің тұрғындары да тамашалап жүр. Осының бәрі қазақстандық блогерлердің дамуына, отандық киноны насихаттауға көмектеседі.