«Қайрат», «Астана» және «Ақтөбенің» еурокубоктағы қарсыластары анықталды

Еурокубок іріктеу сынына қатысатын клубтар жеребесі тартылды. «Қайрат», «Астана», «Ордабасы» және «Ақтөбе» кімдермен ойнайтыны мәлім болды.
Қазақстанның ең мықты төрт футбол клубы Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасы жарыстарының іріктеу сынына қатысады.
Қазақстан чемпионы «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу сынын Словенияның «Олимпиа» клубымен бастайды. Алғашқы матч 8 шілдеде Люблянада, қарымта ойын 15 шілдеде Алматыда өтеді.
Осы екі клубтың жеңімпазы екінші раундта кіммен ойнайтыны бүгін мәлім болды. «Қайрат» бірінші ойында жеңіске жетсе, оны «КуПС» фин клубы немесе Молдова чемпионы «Милсами» күтіп тұр.
«Ақтөбе» Еуропа лигасының алғашқы іріктеу матчын «Легиямен» өткізеді. Осы жұптың жеңімпазы екінші раундта «Баник» чех клубымен кездеседі.
Конференция лигасының екінші рауындына тартылған жеребеде Қазақстаннан төрт клуб та қатысты.
«Қайрат» «Олимпиадан» жеңіліп, осы лигаға түсіп қалған жағдайда, «Стяуа» немесе андорралық «Интер» кездесуінде жеңілген топпен ойнайды.
«Ақтөбе» Еуропа Лигасында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда, төменгі лигада Чехияның «Спарта» тобымен кездеседі.
«Астана» Конференция лигасындағы іріктеуді екінші раундта бастайды. Оның алғашқы қарсыласы – молдовалық «Зимбрул».
«Ордабасы» Конференция лигасының бірінші раундында «Торпедомен» (Кутаиси) ойнайды. Шымкенттік топ әрі қарай өтсе, оны екінші раундта кипрлік «Омония» күтіп тұр. Бұл лигадағы іріктеудің екінші раунд аясындағы матчтары 24 және 31 шілдеде өтеді.