
Австралия билігі жапон бөденесінің зертханада өсірілген етін сатуға рұқсат берді. Енді мұндай етті дайындау барысында ешқандай құс зардап шекпейді.
Сидней қаласындағы Vow стартапы бірнеше апта бойы жергілікті мейрамханаларда бөдене жасушасынан өсірілген өнімді ұсынады. Ол үшін Австралия тамақ стандарты кодексіне өзгеріс енгізуге тура келді. Құжат сәрсенбі күні жарияланды.
Етті зертханада өсіру технологиясы адамзаттың табиғатқа келтіретін зардабын азайтады. Ет үшін ешқандай жануарды, құсты өлтірудің қажеті болмайды.
Әлемде үш қана ел зертханада өсірілген етке рұқсат берді. Олар: АҚШ, Сингапур және Австралия. Дегенмен Құрама Штаттарда бірнеше штат мұндай етті сатуға тыйым салған. Соған байланысты бұл саланың дамуы әжептәуір тежелген.
Енді мұндай олқылықты сиднейлік стартап түзеуге кірісті.
«Басқа да нарықтар осы салада қиыншылыққа тап болса, Австралия инновацияны қолдады. Тұтынушылар жаңа әрі дәмді асқа тапсырыс беруге дайын», – дейді Vow компаниясының бас директоры Джордж Пеппу. Оның мәлімдемесін Bloomberg жариялады.
Компания өнімдері Австралиядағы ондаған мейрамхана мәзіріне енеді. Олардың арасында Сиднейдегі NEL, Мельбурндегі Bottarga бар. Зертхана етінен дайындалған ас Forged брендімен тартылады.
Vow өнімдерін Сингапур мейрамханаларына сатып жүр. Компанияның ай сайынғы өсімі – 200%.