Астанада демалыс күндері жәрмеңке өтеді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Астанада жәрмеңке өтеді/фото: shutterstock

Астанада 21-22 маусым күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады.

«Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосап, джем және тағы басқа тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады», – деп хабарлады әкімдік.

Іс-шара 21 және 22 маусым күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.

Айта кетейік, қалада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23-үй мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсысында) тұрақты түрде жұмыс істейді. Ол күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін ашық.

Жәрмеңке маңынан №2, 32, 49, 50, 73 автобус бағыттары өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз