Министр ҰБТ-да 140 балл жинаған түлекке сыйлық берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Түркістандық оқушы ҰБТ-да 140 балл жинады/фото: kursiv.media

Түркістан облысы Ордабасы ауданының мектебінің түлегі Жәнібек Әбілхан ҰБТ-да 140 балл жинады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жәнібекті жетістігімен құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ талапкерге алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Кездесу барысында министр еліміздегі жоғары білім беру саласындағы мүмкіндіктер мен Қазақстанда ашылған шетелдік жоғары оқу орындарына тоқталды.

Жәнібек Әбілхан ҰБТ-да 140 балл жинады/фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

«Біз қарапайым ауыл мектебінің түлегі ең жоғары балл жинағанына ерекше қуанамыз. Мемлекет тарапынан оның білімін әрі қарай дамытуына толық қолдау көрсетіледі. Бүгінде Қазақстан өңірлік академиялық хаб ретінде қалыптасып келеді. Елде құрылған білім беру экожүйесі халықаралық серіктестердің қызығушылығын арттырып жатыр. Жетекші шетелдік университеттермен бірлесе отырып, жаңа білім беру бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр», – деген Саясат Нұрбек.

Жәнібек Әбілхан 19 мамыр Шымкенттегі аймақтық тестілеу орталығында «Математика–Информатика» пәндер комбинациясы бойынша сынақ тапсырып, ең жоғары балл жинады.

Сондай-ақ оқыңыз