
Семейден ұшып шыққан ұшақ ауа райына байланысты Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайына қона алмады. Бұл жағдай 2025 жылдың 19 маусымында тіркелген.
Ұшақ қонатын уақытта елордада қатты жел соғып, найзағай болған.
«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі Алматыдағы қосалқы аэродромға қону туралы шешім қабылдады. Ауа райы тұрақталғаннан кейін ұшақ Астанаға қайта ұшып, жақын уақытта қонады», – деп хабарлады Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы баспасөз қызметі.
Сондай-ақ әуежай мұндай шешімді қауіпсіздік мақсатында тек әуе кемесінің командирі қабылдайтынын жеткізді.