
Арқанкерген оқиғасы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың қамаудағы жағдайы қандай екені айтылды.
Сенатта Ішкі істер министрінің орынбасары-Қылмыстық аткару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбековтен Челахтың жағдайы мен оның рақымшылыққа өтініш берген-бермегені сұралған.
Абай Қайырбеков Челах заңда көзделген ұстау ережелерін ұстанып жүргенін, оған рақымшылық жасау туралы қандай да бір материал қарастырылмағанын жеткізді.
Владистав Челах 2012 жылы 11 желтоқсанда «Арқанкерген» шекаралық бекетінде 15 адамды өлтірді деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырған. Ол 2013 жылдың наурызынан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы өмір бойына бас бостандығынан айырылған азаматтарға арналған «Қара бүркіт» деп аталатын мекемеде жазасын өтеп жатыр.
Абай Қайырбеков бұған дейін ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың денсаулығы қандай екенін айтып берген.