Жаңалықтар

Ұзынағаш маңында қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Ұзынағаш маңында қоқыс полигоны өртеніп жатыр/Фото: ТЖМ

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының маңында қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртеніп жатыр. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Министрлік оқиға орнында жерді қалпына келтіру, топырақпен толтыру және өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті, жергілікті атқару органының мамандары мен құралдары және №28237 әскери бөлімінің кұштері жұмылдырылған.

Бұған дейін, өрт болған «Ақжайық» табиғи резерватын тікелей эфирден бақылау мүмкіндігі іске қосылған.