126 млрд теңге желге ұшты: «Самұрық-Қазынаның» сәтсіз жобалары үшін кім жауап береді?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жоғары аудиторлық палата «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 126 млрд теңгені тиімсіз, болашағы жоқ жобаларға жұмсағанын анықтады. Кейбір инвестициялыл іске қосылмай жатып тоқтап қалса, біразы шарт бұзылғаннан кейін мүлде жабылған. Осы ретте сенатор Ләззат Рысбекова Үкімет пен Қор басшыларынана желге ұшқан ақшаға кім жауап береді деп сұрады.

2024 жылы 14 жоба бойынша келісім-шарт үзілсе, 9 жобаның жұмысы тоқтап тұр. Ал 4 жоба мүлдем жабылған. Депутаттың айтуынша, жоба басталарда нарық сұранысы, табыстылығы және шикізат қоры жан-жақты зерттелмеген.

«126 млрд теңге желге ұшты. Мұндай шешімді кім қабылдады? Ақшаның зая кетуіне кім жауап береді?», – деді Рысбекова.

Депутат сұрағына жауап берген вице-премьер Серік Жұманғарин бұл сандар тек 2024 жыл емес, 2008 жылдан бері жобаларды қамтитынын айтып өтті. Жұмағариннің мәліметінде асы уақыт аралығында жалпы 392 жоба жүзеге асқан. Жалпы құны 40 трлн теңгені құрады.

«Сіз айтып отырған 14 жоба «Samruk-Kazyna Construction-ға» тиесілі. Олардың басым бөлігімен келісім-шарт ақша бөлінбей жатып үзілсе, жетеуі 8,8 млрд теңгені қайтарып берген. Біреуіне қатысты сот жүріп жатыр, біреуі кепілге қойған мүлігін компанияға берді», – деді ол.

Алайда вице-премьер 126 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғанына кім жауап беретінін сол күйі айтпады. Бүкіл жобалар халықаралық стандарт бойынжа жүзеге асады деді.

Сондай-ақ оқыңыз