Жоғарғы сот судьясы Сара Жармұхамбетова қызметінен босатылды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
суд
Жоғарғы сот судьясы Сара Жармұхамбетова қызметінен босатылды / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жоғарғы сот судьясы Сара Жармұхамбетова қызметінен босатылды. Сенат депутаттары судьяны қызметінен босату туралы қаулыны мақұлдады.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар ҚР президентінің Жоғарғы соттың судьясын қызметінен босатуға ұсынылған кандидатурасын талқылап, қарау нәтижесі бойынша қорытынды шығарған. Сенаторлар Жоғарғы сот судьясы Сара Жармұхамбетованы орнынан түсуіне байланысты қызметінен босату туралы қаулыға дауыс берді.

«Сара Әзімбекқызы өзіне жүктелген жауапкершілігі мол міндетті абыроймен атқарды. Алдағы уақытта барлық істеріне сәттілік тілейміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ оқыңыз