Бетон жолдар неге бүлініп жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі

Соңғы уақытта Павлодар мен Түркістан облыстарында республикалық маңызы бар жолдарда цементбетон жабындарының көтерілуі тіркелді.

Бұл жағдай қоғамда алаңдаушылық тудыратыны анық. Жол сапасы туралы жиі сөз боламды. Десе, компанияның айтуынша, бұл техникалық ақау емес, жоғары температура кезінде бетон жолдарда кездесетін табиғи физикалық құбылыс.

Бетон не себепті көтеріледі?

Цементбетон жабындары ауа температурасының күрт өзгерісіне өте сезімтал. Қатты ыстықта (әсіресе +35°C жоғары) жол плиталары кеңейеді. Егер кеңеюге мүмкіндік беретін бос кеңістіктер болмаса, ішкі кернеу артып, бетон плиталарының көтерілуіне немесе иілуіне себеп болады. Бұл құбылыс көбіне Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерінде жиі кездеседі.

Бұл тек Қазақстанда ғана бола ма?

Қазавтожол ақпаратына қарағанда, бұл – бүкіл әлемде кездесетін табиғи құбылыс.
Мысалы, АҚШ-та (Миннесота, Висконсин, Иллинойс) – жазда жол плиталары көтеріледі, кейде қозғалыс уақытша тоқтайды. Германияда 2019 жылы +38°C температурада бетон жол қисайып, көлік апатына себеп болған. Ресейде оңтүстік аймақтарда жазда бетон жабындары жиі көтеріледі.

Жол қызметінің әрекеті

Қазақстанда мұндай жағдайлар тіркелсе, «ҚазАвтоЖол» мамандары жедел түрде мынадай әрекетке көшеді:

Температуралық жапсарларды кеңейтеді

Жол жабындысын қалпына келтіреді

Деформацияны жояды

– Болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін температураға төзімді бетон қоспалары, деформациялық тігістер, компенсаторлар сияқты жаңа технологиялар қолданылады.

Мұның алдында ҚазАвтожол жолда тұрып қалған жүк көліктеріне қатысты түсініктеме берді.

Сондай-ақ оқыңыз