Президент KIA Bongo автокөлігінің шанағына естелік қолжазба қалдырды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек ұжымына табыс тілеп, KIA Bongo автокөлігінің шанағына естелік қолжазба қалдырды.

Ол бүгін Астанадағы Orbis Heavy Machinery арнайы және коммерциялық техника зауытына барды

Тоқаев KIA маркалы арнайы және коммерциялық техникалар құрастыратын зауыт жұмысымен танысты.

Кәсіпорын іске қосылған 2022 жылдан бері 700-ден аса автокөлік шығарған.


«Өндіріске құйған инвестицияның жалпы көлемі 11 миллиард теңгеден асты. Мұнда өндірушілерден жеткізілген бөлшектерді дәнекерлеу, сырлау, шанақ монтаждау жұмыстары атқарылады», – делінген Ақорданың баспасөз қызметінің ақпаратында.

Сондай-ақ коммерциялық автокөліктерге арналған қосымша жабдықтар өндірісі жолға қойылған. 240 маман тұрақты жұмыспен қамтылған.

Компания өндірістік қуаты мен өнім түрін кеңейтуді көздейді. Осы мақсатта өзге де халықаралық брендтермен келіссөз жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз