Жамбылдағы «Ақбақай» кенішінде заңсыз алтын ұрлаған 50 адам ұсталды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысы Ақбақай кен орнында қылмыстық топ ұсталды. Олар жасырын 8 цех ашып, заңсыз алтын ұрлаған деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінен.

Ресми дерекке сенсек, 50 адамнан тұратын топ заңсыз цех ашып, сол жерде бағалы металды өндеуге тырысқан. Ол жерден тазаланған алтын шикізатын саудаға шығарған.

Бұл қылмыстық тізбекке жергілікті тұрғындар, комбинат қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері де кірген. Олардың әрекеті салдарынан «Ақбақай» кәсіпорнына 400 млн теңге шығын келді.

Топ ұйымдастырушысы мен оның сыбайластарын ұстау бір мезгілде елдің төрт өңірінде жүргізілді. Шамамен 6 кг алтын тәркіленді, кен өңдейтін 8 жасырын цех жойылды. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу фактілері бойынша тергелуде», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Осыған дейін Алматыда шетел азаматын бопсалап, 5 млн теңге көлемінде ақшасын тартып алды деген күдікпен қылмыстық топ ұсталған еді. Олардан жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қару түрлер, есірткі заттары тәркіленген.

Сондай-ақ оқыңыз