
Каспий құбыр желісі консорциумы (КҚК) Украина дрондарының «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына шабуылдауына байланысты сотқа жүгінеді. Консорциум бас директорының мәлімдемесін Ресейдің ақпарат құралдары таратты.
Украина әскери күштері КҚК мұнай айдау станциясын 2025 жылғы ақпанда шабуылдаған. Соның салдарынан нысан үш жұмыс істемей тұрып қалған. Ресми Астана Киевтен осы мәселеге қатысты түсінік талап еткен. Себебі Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 80%-ы Батысқа осы құбыр арқылы айдалады.
Консорциумның сотқа жүгінетіні Петербург халықаралық экономикалық форумда мәлім болды. КҚК бас директоры Николай Горбань украин дрондарының станцияға шабуылынан 2,7 млрд рубль шығын келді деп отыр.
«Біздің халықаралық заң мәртебеміз жоқ, сол себепті халықаралық сотқа тікелей жүгіне алмаймыз. Бірақ сотқа өтініш беруге жол ашатын жолдарына жүгіндік», – деп мәлімдеді Горбань.
Оның айтуынша, Қазақстан СІМ Украинаға жолдаған сауалына әлі жауап алмаған.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 17 ақпанда КҚК мұнай тасымалдау жүйесінің бір нысаны – «Кропоткинская» мұнай айдау станциясы жеті бірдей әскери дрон шабуылына ұшырады. Артынша консорциум Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесімен мұнай тасымалдау шектелгенін, станция істен шыққанын хабарлады.
Консорциумның мәліметінше, 2024 жылы «Кропоткинская» станциясы арқылы 63 млн тоннадан аса мұнай айдалды. Оның шамамен 90%-ы Қазақстан аумағында өндірілді.