Жаңалықтар

Путин: Зеленскиймен кездесуге дайынмын

Путин мен Зеленский келіссөздер аяғында кездесуі мүмкін / Sputnik/Alexander Kazakov via REUTERS 
Путин мен Зеленский келіссөздер аяғында кездесуі мүмкін / Sputnik/Alexander Kazakov via REUTERS 

Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, екі президент келіссөздерді аяқтау кезінде жүздесуі мүмкін.

Ресей басшысы Украина мәселесіне қатысты пікірін, Петербург халықаралық экономикалық форум аясында, ақпарат агенттіктерінің жетекшілерімен кездесуі кезінде айтқан.

«Мәселе кездесуде тұрған жоқ. Украин мемлекеті келіссөзді Зеленскийге сеніп тапсырса, солай-ақ болсын. Мәселе құжатқа кім қоятындығында», – деді Путин. Оның мәлімдемесін RBC таратты.

Бұл ретте ол Зеленскийдің президенттігі қаншалықты заңды деген мәселені көтерген.

«Бірақ соңғы нүктені қою керек. Құжатта заңды билік өкілінің қолы тұруы маңызды. Әйтпесе оның бәрін қоқыс жәшігіне тастауға туралы келеді. Олай жасауға болмайды. Біз күрделі мәселелерді шешкелі жатырмыз», – дейді Ресей президенті.

Зеленский 2025 жылғы мамырдың аяғында үшжақты кездесу жүргізуді ұсынған. Оған Зеленский, Путин және АҚШ президенті Дональд Трамп қатысқанын қалаған.

«Путинге екіжақты кездесу ыңғайсыз болса, бәрі үшжақты жүздесу өткенін қаласа, мен қарсы емеспін. Мен түрлі форматқа дайынмын», – деп мәлімдеген Украина президенті.

Ресей мен Украина арасындағы соғыс 2022 жылғы ақпаннан бері жүріп жатыр.