Жаңалықтар

Қаржаубай Нұрымов үстінен қылмыстық іс қозғау керек дегендерге жауап берді

Қаржаубай Нұрымов сұхбат берді/фото: скриншот

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов үстінен қылмыстық іс қозғау қажет дегендерге жауап берді. Бұл туралы Назымгүл Күміспаеваның YouTube каналына берген сұхбатында айтты.

«Менің орнымда қай мемлекеттің азаматы болса да, үйіңізге біреу келсе, балаңызға… Бала ұрып жіберді, соғып жіберді. Әкесі кешірім сұрап тұр. Жігіттермен келіседі, қол алысады. Осымен тоқтағанда мұндай іс болмас еді. Олар достарын шақырмағанда үлкен төбелеске айналмас еді.

Кім болса да, баласына қауіп төніп тұрған кезде қолынан келгенді жасайды. Олардікі «провокация жасады, содан кейін ауыр қылмысқа барды» деген ой шығар. Кім болса да баласын ақтағысы келеді. Қолынан келгенше ақтап алсын, ешкімге қарсылығым жоқ», – дейді Қаржаубай Нұрымов.

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қазақ тіліндегі көлемді сұхбаты

Бұған дейін сот барысында сотталған Дидар Қалиахметтің адвокаты Гаухар Баймұханова марқұм Шерзат Полат пен Нұрқанат Ғайыпбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғау қажет деген пікір айтты.