Рыбакина – Соболенко ойынын қайдан көруге болады
Жарияланды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирінің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен ойнайды.
Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады.
Ойынның тікелей трансляциясын Sports.kz сайты көрсетеді. Сондай-ақ ойын барысынан үзінділер WTA YouTube каналында жарияланады.
Бұған дейін қазақстандық теннисші Катерина Синяковадан 6:4, 7:6(5) есебімен басым түсті.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ірі турнирде әлемнің бірінші теннисшісі Янник Синнерді жеңді.