Жаңалықтар

Рыбакина – Соболенко ойынын қайдан көруге болады

Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен ойнайды/фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирінің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен ойнайды.

Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады.

Ойынның тікелей трансляциясын Sports.kz сайты көрсетеді. Сондай-ақ ойын барысынан үзінділер WTA YouTube каналында жарияланады.

Бұған дейін қазақстандық теннисші Катерина Синяковадан 6:4, 7:6(5) есебімен басым түсті.

Katerina Siniakova vs. Elena Rybakina | 2025 Round of 16 Berlin | WTA Match Highlights

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ірі турнирде әлемнің бірінші теннисшісі Янник Синнерді жеңді.