Жаңалықтар

ЕАЭО елдері арасында Қазақстанда инфляция жоғары

Фото:.kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың маусымына қарай Қазақстандағы жылдық инфляция 11,3% болды. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Ал ЕАЭО елдерінің орташа инфляциясы керісінше, 9,7%-ға дейін төмендеген. Бұл көбінесе Ресейдегі баға өсімінің баяулауымен байланысты. Ол жақта инфляция 10,2%-дан 9,9%-ға түсті.

Басқа елдерде жағдай қалай?

  • Қырғызстанда инфляция – 8%
  • Беларусьте – 7,1%
  • Арменияда – 4,3%

Қазақстанда не қымбат

Елімізде ең қатты қымбаттаған – ақылы қызметтер. Бір жылда олардың бағасы 16%-ға өсіп кеткен. Мысалы, коммуналдық төлемдер, балабақша мен білім беру, денсаулық сақтау қызметі қымбаттаған.

Азық-түлік бағасы 9,6% өссе, киім-кешек, тұрмыстық тауарлар 9%-ға қымбаттады

Баға өсімі, ең алдымен, қарапайым халықтың қалтасына әсер ететіні анық. Жалақы көбеймегенімен, күнделікті шығын көбейіп барады. Соңғы бір жылда қазақстандықтардың орташа шығыны 10%–нан аса өскен, әсіресе, тамақ пен қызмет түрлеріне көп ақша кетіп жатыр.