Халық бес жылдан бері табысының тең жарымын азық-түлікке жұмсап келеді

Жарияланды 20 Маусым 2025 18:01

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Тапқан ақшаны инфляция «жеп» жатыр / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың алғашқы тоқсанында қазақстандықтардың табысы да, шығыны да орта есеппен 10%-ға өсті. Бірақ бұл өсім халықтың тұрмысын жақсартты деуге келмейді. Себебі инфляция 9,4% деңгейінде болып, табыстың шын мәніндегі өсімін «жеп қойды». Halyk finance сарапшылары қазақстандықтар бес жылдан бері өз табысының жартысын азық-түлікке жұмсап келе жатқанын айтады.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылдың I тоқсанында елдегі әр тұрғынның орташа айлық табысы 350 мың теңгеден асқан. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға көп. Бірақ бұл өсімнің басым бөлігін инфляция «жұтып қойған».

Оның үстіне, өңірлер арасында айтарлықтай айырмашылық бар: Астана тұрғындарының айлығы 494 мың теңге болса, Түркістан облысының тұрғындары айына орта есеппен 223 мың теңге табады.

Яғни елорда мен оңтүстіктің табысындағы айырмашылық екі есеге жетті. Атырау, Астана, Алматы тұрғындары салыстырмалы түрде көбірек табыс табады. Алайда шығын тіркелген өңір – Алматы қаласы (403 мың теңге). Ал ең төменгі шығын Түркістан облысында – 219 мың теңге.

Халық неге табысының жартысын тамаққа жұмсайды?

Оған қоса халық табысының 50,6%ы-н азық-түлікке жұмсайды. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Halyk finance сарапшысы Арслан Ароновның жауынша, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 15%-дан аспайды. Ал Қазақстанда бұл үлес бес жыл қатарынан 50%-дан түспей тұр.

Мамандар бұл құбылысты «Энгель заңының» бұзылу дейді. Экономикадағы бұл заң бойынша, халықтың табысы өскен сайын азық-түлікке жұмсалатын шығынның үлесі азаюы керек. Бірақ Қазақстанда керісінше, табыс өскен сайын, азық-түлікке кететін шығын да артып отыр.

Мұның себебі неде?

Ең бірінші себеп – инфляция. Табыс номиналды түрде өсіп жатқанымен, инфляциядан аса алмай жатыр. Халықтың нақты табысы жыл сайын сол күйі қалып қойып, шығын азаймаған.

Екінші фактор – импортқа тәуелділік. Қазақстан 2024 жылы 6,8 млрд доллардың азық-түлігін сырттан сатып алған. Бұл бағаны қымбаттатады.

Қызмет көрсету саласындағы баға да әсер етеді. Дамыған елдерде, мысалы, Канадада отбасы бюджетінің 20%-ы медицинаға кетсе, Қазақстанда бұл үлес 2%-ды құрайды, Осылайша азық-түлік жалпы шығынның басым бөлігін алып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз