«Қазақстан Даму банкінің» директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Жарияланды 20 Маусым 2025 11:27

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Қазақстанның даму банкі
Ғани Өзбеков ҚДБ директорлар кеңесінен шығарылды / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Қазақстанның Даму банкі» директорлар кеңесінің құрамынан Ғани Өзбеков мерзімінен бұрын шығарылды. Жалғыз акционердің шешімі Қазақстан қор биржасы сайтында орналастырылған.

«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры Өзбеков Ғани Нұрмаханбетұлының өкілеттігін осы шешім қабылданған күннен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын» делінген хабарламада.

Нәтижесінде директорлар кеңесінің құрамы қысқарып 5 адам қалды. Олар: Тимур Қарағойшин, Марат Елібаев, Әнуар Сәйденов, Жандос Шайхы мен Асқар Елемесов.

«Қазақстан Даму Банкінің» жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі». Қаржы құрылымының мақсаты – елдің шикізаттық емес секторын қаржыландыру, экономиканың тұрақты дамуына қолдау көрсету.

Бұған дейін ҚДБ инвестициялық жобаларға бірдей пайызбен несие беретінін хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз