
Трансгендерлер Қазақстан аруы атана алмайтын болды. Қанша жерден сұлу болса да, «Мисс Қазақстан» байқауына олар қатыса алмайды.
Байқау ұйымдастырушылары осындай түсініктеме берді.
«Мәдени құндылықтарға қайшы»
Осылайша, «Мисс Қазақстан» байқауының ұйымдастырушылары мұның алдында тараған ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарды. Олардың сөзіне қарағанда, қатысу шарттары нақты көрсетілген.
«Әрбір өтінішті жеке қарастырамыз. Бірақ соңғы шешім байқаудың қатаң ережелері мен регламентіне сай қабылданады. Бұл талаптар еліміздің мәдени құндылықтарына сәйкес болуы тиіс», – дейді байқаудың баспасөз қызметі.
Айжан Рузаева да сұлулық байқауы еліміздің мәдени коды бойынша өтетінін хабарлады.
Қатысу талаптары қандай?
«Мисс Қазақстан» байқауының ресми сайтында «Қатысушыға қойылатын талаптар» атты арнайы бөлім бар. Негізгі шарттар мыналар:
Жасы: 26-ға дейін
Бойы: 168 см-ден жоғары
Қосымша талаптарға келсек, Қазақстан азаматтығы болуы, тұрмыс құрмаған, сұлулық стандарттарына сәйкес келуі керек.
Биылғы финал қашан және қайда өтеді?
2025 жылы «Мисс Қазақстан» байқауының аймақтық іріктеу кезеңдері басталып кетті. Финалдық шоу Алматы метросында өтеді деп жоспарлануда.
Айта кететін жайт, Алматыда өткен «Қазақстан аруы-2024» сұлулық байқауында өскемендік 22 жастағы Бағым Балтабаева жеңімпаз атанған еді.